Layer-5851.jpg
Ақсу агротехникалық колледжі

"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК

+7 705 675 3757

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Қабанбай батыр көшесі 4

Инстаграм
aksu_college21

Profshkola-21@mail.ru

Қабылдау бөлімі:
8(728) 32 2-19-53
Есеп бөлімі:
8(728) 32 2-10-79
Жатақхана:
8(728) 32 2-19-23
Жүгіру жолы

11 қараша күні, сағат 10:00 – де, Ақсу политехникалық колледжінде Ақсу ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты кездесу өтті. Кездесудің мақсаты жастарға сыбайлас жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, дүниетанымдарын кеңейту, ойларын еркін жеткізе білу, қабілеттерін дамыту, мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие қалыптастыру.

Шараға аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Даулетбекова, аудандық партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Б.Құрманғалиева, аудандық жастар ресурстық орталығы жетекшісінің міндетін уақытша атқарушы, «Jas Otan» ЖҚ мүшесі Е.Төлепберген қатысып, жастарға жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.