Ақсу политехникалық колледжі тарихы
Қазақстан Республикасындағы ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттерінің бірі-егеменді еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосар білімді, дарынды, мәдениетті жастарды тәрбиелеу басты мақсатымыз.Қай ғасырда болмасын ұлт өмірін өркендетуші саналы да, салауатты, ұлтжанды, рухы биік, ақыл парасаты мол, өрісі кең, ұрпақты тәрбиелеу басты, міндетіміз. Елбасының Жолдауында айтылғандай халықаралық талапқа сай білімді жастарды тәрбиелеуде Жансүгіров ауылындағы Ақсу политехникалық колледжі де өз үлесін қосуда. Аудан орталығында1960 жылы алғаш механизаторлар мектебі болып ашылған оқу орны қазір шарықтау үстінде. 1963 жылы №135 кәсіптік техникалық училищесі болып аталса, 1984 жылы №18 кәсіптік техникалық училещесі болып аталды. Білім ордасының ең көтерілген шыңы 1993 жыл болды.Ол аудан көлемінде ең алғаш ауылшаруашылық лицей, 2000-2002 жылдар аралығында №21 кәсіптік техникалық мектеп, ал 2002 жылдан №21 кәсіптік мектеп, 2008 бастап №21 кәсіптік лицей, 2013 жылдан бері Ақсу политехникалық колледжінің статусын алып арнаулы орта білім мамандарын даярлауда. Бүгінгі таңда Ақсу политехникалық колледжі директоры Еспаев Сакен Тоғызбайұлының басшылығымен маман даярлау саласында жемісті еңбек етуде.
Колледж өзінің 60 жылдық тарихында он бес мыңнан астам орта буын білікті мамандарын даярлап шығарып,олар еліміздің түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етіп жүр.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Біз жеткіншек ұрпақтарымызды босбелбеу тіршілікке емес,басқалармен бірдей бағын сынайтын, нартәуекел мен іскерлікке тәрбиелегеніміз лазым» деген сөзін басшылыққа ала отырып Ақсу политехникалық колледж ұжымы өз жұмысын жасауда. Колледжде қазіргі заман талабына сай жабдықталған 27 теориялық оқу кабинеті, 4 толық жабдықталған компьютер кабинеті, интернет жүйесіне қосылған 2 оқу кабинеті, 10 интерактивті тақта, 2 мультимедиялық проектор іске қосылған. Аспазшылардың 2 лабораториясы, жол жүру ережесі кабинеті, негізгі жол қауіпсіздігі, психология, әдістемелік кабинеттері жаңа технологиямен жабдықталған. Колледж жанындағы шеберханада токарлық, ұста, аккумулятор, білікті темір жону және мотор жөндеу техникалық қызмет көрсету, форсункаларды реттеу және жинау аппараттары, жөндеу цехтары жұмыс істейді. Теориялық кабинеттер оқуға қажетті оқулықтар мен техникалық оқу құралдарымен жабдықталған.
2016-2017 оқу жылы қысқа мерзімді курс бойынша жалпы 203 маман дайындалды. Оның ішінде қайта жаңғырудан өткен «Ақсу қант» ЖШС қант заводының сұранысына сәйкес 62 маман «Қызылша турау машинисті», «Диффузия операторы», «Дефекосатурация аппаратшысы», «Булау станциясы аппаратшысы», «Утфель қайнату аппаратшысы», «Центрафуга операторы», «Электрик», «Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесарі», «Қазандық машинисті», «Турбина машинисті», «Химиялық талдау зертханашысы», «Ауылшаруашылық өндірісінде тракторшы-машинист» мамандықтары бойынша дайындалды.
2017-2018 оқу жылында «Ақсу қант» ЖШС қант заводының сұранысына сәйкес жаңадан «Химиялық талдау зертханашысы», «Электромонтер», «Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесарі» мамандықтары ашылды. Осы жаңа мамандықтар бойынша колледждің материалдық техникалық базасы толықтырылды. Яғна әр жаңа мамандықтың толық жабдықталған лабораториялық кабинеттері бар. Бұл өз алдында білім алушылардың таңдаған мамандығын толық игеріп шығуының кепілі.
Бүгінгі таңда «ЭЕМ операторы», «ЭЕМ баптаушысы» «Аспаз», «Электрогазбендәнекерлеуші», «Ауылшаруашылық машиналары мен тракторларын реттеуші», «Тігінші», «Химиялық талдау зертханашысы», «Электромонтер», «Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесарі» мамандықтары бойынша білім алып жатыр. Олардың теориялық білімдері, мамандықтарына сәйкес практикамен ұштасып жатады. Жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, терең білім беру мақсатында өндірістік оқуға қажетті қосымша «Беларус 892», «Беларус 952» тракторлары, ПЛН-3-35 соқасы, «Енисей 1200-НМ» комбайны алынды.
Алыс аймақтардан келген білім алушылар колледж жанындағы 2011 жылы күрделі жөндеуден өткен 420 орынға арналған «Береке» жатақханасында тұрып оқиды. Олардың сапалы білім алып, дұрыс тәрбиеленуіне барлық тұрмыстық жағдайлар жасалған. Соңғы технологиямен жабдықталған ас үй, тамақтануға қажет жабдықтармен толық қамтамасыз етілген 250 орындық асхана, 16 мың кітап қоры, 20 орындық оқырмандар залы, акт, спорт залдары қызмет етеді. Студенттердің сабақтан бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында спорт залында түрлі спорт секциялары, тренажер залы,үйірмелер жұмыс істейді.