"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ақсу агротехникалық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК
0
«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты кездесу

11 қараша күні, сағат 10:00 – де, Ақсу политехникалық колледжінде Ақсу ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты кездесу өтті. Кездесудің мақсаты жастарға сыбайлас жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, дүниетанымдарын кеңейту, ойларын еркін жеткізе білу, қабілеттерін дамыту, мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие қалыптастыру.
Шараға аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Даулетбекова, аудандық партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Б.Құрманғалиева, аудандық жастар ресурстық орталығы жетекшісінің міндетін уақытша атқарушы, «Jas Otan» ЖҚ мүшесі Е.Төлепберген қатысып, жастарға жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.