"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ақсу агротехникалық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК
0
«Өмір ғажап» атты тренингі

09 қараша күні, сағат 17:00 – де, Ақсу политехникалық колледжінде Ақсу ауданы жастар ресурстық орталығының психолог маманы Мухаметалина Динараның ұйымдастыруымен «Өмір ғажап» атты тренинг өтті. Тренингтің мақсаты Өмірде өзіне сенімді болуға, өзін табуға, алдына мақсат қоя білуіне не үшін, не істеп жүргеніне жауап бере алуға үйрету. Жастарға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру. Өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу. Тренинг барысында Ақсу ауданы жастар ресурстық орталығының психолог- маманы Мухаметалина Динара жастарға өз өмірің , өз әлемің өз қолыңда! Біреуге ренжіп ,біреуді кінәлап , мін тағу дұрыс емес. Өмірдегі қайғыны, қиындықты, сәтсіздікті көтере білу керек. Жаңа , жақсы ойлар ойлау керек. Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен , сәттілік пен сәтсіздіктен , қайғы мен қуаныштан құралады . Міне өмірдің өзі біле – білсең сонысымен қымбат екендігін айта кетті. Өмір туралы жастар өз ойларын ортаға салып, «Өмір ғажап», «Өмір белестері» атты тренинг – жаттығу жасау арқылы жалғастырды. Сонымен қатар өмір сүру үшін күйретуші ойлардан аулақ болуы керек екен айтып, түсіндіріп өтті.