09 қараша күні, сағат 16:00 – де, Ақсу политехникалық колледжінде Ақсу ауданы жастар ресурстық орталығының психолог - маманы Мухаметалина Динара мен Ақсу политехникалық колледжінің педагог - психологы Шарипова Зейнегуль Исатаевнаның ұйымдастыруымен «Интернетсіз бір күн» атты Ақсу политехникалық колледжінің студенттерімен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты бүкіләлемдік өрмек - интернетке байланысты ақпарат жинақтап, студенттердің өз ойларын тиянақты жеткізіп айтуын, интернет туралы толық ой қалыптастыру. Кездесу барысында Ақсу политехникалық колледжінің педагог - психологы Шарипова Зейнегуль Исатаевна жастарға интернет туралы қысқаша ақпарат беріп, компьютердің зияны мен пайдасын, интернетсіз бір күнді қалай өткізу керектігі жайында толық ақпарат айтып өтті.
https://aksu-college.edu.kz/novosti-kz/97-internetsiz-bir-k-n-atty-kezdesu.html#sigFreeIdcaf7198a5e