1. Сапалы білім – сенімді болашақ
Ақсу агротехникалық колледжі – еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды дайындайтын білім ордасы. Мұндағы оқу бағдарламалары қазіргі заман талаптарына сай жасақталып, студенттерге теория мен практиканы ұштастыра отырып сапалы білім береді. Колледж түлектері өз салалары бойынша оңай жұмыс табуға және кәсіби өсуді жалғастыруға мол мүмкіндік алады.
2. Практикалық тәжірибе – кәсіби шыңдалудың кепілі
Студенттеріміз оқу барысында өңірдегі жетекші кәсіпорындарда:
• «Ақсу қант» ЖШС қант зауытында,
• Жеке шаруа қожалықтарында,
• Ауданның түрлі кәсіпорындарында тәжірибеден өтіп, нақты өндірістік ортада білімін шыңдайды.
Бұл – болашақ маман ретінде сенімділік пен шеберлік қалыптастырады.
3. Білікті оқытушылар құрамы
Колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері– өз ісінің шеберлері. Олардың кәсіби деңгейі жоғары, заманауи әдістерді еркін меңгерген. Сабақ барысында оқытушылар теориялық білімді практикамен тиімді ұштастырып, студенттермен ашық, қолайлы қарым-қатынас орнатады.
4. Заманауи материалдық-техникалық база
• Жатақхана
• Жабдықталған оқу шеберханалары
• Бай кітапхана қоры
• Оқу, спорт және жаттығу залдары
• Асхана
Барлығы студенттердің қолайлы әрі тиімді оқуына толық мүмкіндік береді.
5. Ақпараттық технологиялардың кең қолданылуы
Колледжде жоғары жылдамдықты интернет пен заманауи компьютерлік желі бар. Ақпараттық технологиялар негізінде интерактивті сабақтар өткізіледі, бұл студенттердің белсенділігін арттырып, сабақтарды қызықты әрі тиімді етеді.
6. Инновациялық білім беру әдістері
Білім беру процесінде келесі әдістер қолданылады:
• Іскерлік ойындар
• Ситуациялық тапсырмалар
• Мастер-класстар
• Электрондық оқулықтар
• Интерактивті оқыту
Бұл әдістер студенттердің кәсіби қабілетін дамытуға, шығармашылық ойлау мен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
7. Қосымша білім мен жеке даму мүмкіндігі
Колледжде түрлі семинарлар, тренингтер, үйірмелер (вокал, пісіру, тігін, компьютерлік сауаттылық) жұмыс істейді. Бұл – студенттің жан-жақты дамуына, өзін жаңа қырынан тануға үлкен мүмкіндік.
8. Қолайлы психологиялық орта
Колледжде студенттердің психологиялық жағдайын бақылауға, күйзелісті жеңуге арналған арнайы кабинет бар. Мұнда кәсіби психологтар қызмет көрсетіп, студенттің өзін сенімді әрі жайлы сезінуіне көмектеседі. Әр студент жеке тұлға ретінде қабылданып, құрметтеледі.
________________________________________
Ақсу агротехникалық колледжі – бұл тек білім мекемесі ғана емес, бұл сенің жарқын болашағыңның бастамасы!











