"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ақсу агротехникалық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК
0
Колледжге түсудің артықшылықтары

Ақсу политехникалық колледжіне түсудің артықшылықтары:

 

  1. Сапалы білім және жұмысқа орналасудың жеткілікті мүмкіндіктері.

Алынған білім сапасы және кәсіпорындармен байланысының  жоғары болуы, түлектердің еңбек нарығында сұранысқа ие және өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасу үшін жақсы перспективаға ие болуы.


Студенттер «Ақсу қант» ЖШС қант заводында, аудан кәсіпорындарында, жеке шаруа қожалықтарында тәжірибеден өтеді

 

  1. Жоғары білікті оқытушылар құрамы.

Ақсу политехникалық колледжі оқытушылар құрамының   ерекшеліктері - кәсібилік, практикалық бағыты, қызықты атмосфераны құрау және  лекцияларда, семинарларда үнемі өзара ынтымақтастықты сақтай білу, сол нәтижеде студенттерде өз білімдерін жақсы жағынан көрсетеді, білім сапаларын көтеруге тырысады. Теориялық білімдер практикамен бекітіледі.

 

  1. Қазіргі заманға сай материалдық-техникалық база.


Жатақхана, оқу шеберханалары, кітапхана, оқу, спорт және жаттығу залдары, асхана.

  1. Ақпараттандырудың жоғары деңгейі, студенттерді ақпараттық қызметтердің кең ауқымымен қамтамасыз ету.

Ақсу политехникалық колледжі жоғары жылдамдықты интернетпен өзінің жергілікті компьютерлік желісімен камтылған.


Кеңейтілген технологияларды оқыту.

Ақпараттық – технологияларды пайдалану оқытушы мен  студенттерді маңызды кәсіптік және анықтамалық ақпараттармен қамтамасыз етеді.  Ақпараттық - технологияларды пайдаланып интерактивтік сабақтарда оқытушы ұйымдастырушы, бақылаушы деңгейінде болып, студенттердің  белсенділігі арта түседі. Мұндай сабақтарда оқытушы жұмысқа тікелей қатысқанымен, өз мүмкіндігін шектеп, студенттің белсенді болуына жағдай туғызады.


Заман талабына сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған, жеке тұлға қалыптастыру үшін,  келесі  мақсаттар  қойылады:


- Біздің коллелдж заман талабына сай білім беру процесінде инновациялық технологияларды жетік пайдаланады, олар: іскерлік ойындар, ситуациялық есептер, семинарлар, жұмыс берушілердің өкілдерімен мастер-класстар, электрондық оқулықтар, интерактивтік оқыту әдістері. Мұның бәрі студенттердің  дағдылары мен кәсіби білімдерін дамытуға, оқытушылар мен студенттердің арасында  шығармашылық  байланыстың бірегей атмосферасының қалыптасуына, студенттердің білімдері мен біліктіліктерінің дамуына үлкен мүмкіндік береді.

  1. Қосымша білім алу мүмкіндігі.

Семинарлар, тренингтер жұмыс істейді.

  1. Қызықты толы студенттік өмір.

Вокал, компьютерді меңгеру, пісіру ісін меңгеруі, киім тігу  үйірмелері.

 

Қолайлы психологиялық атмосфера.

Колледж - ғылыми ізденіс, өзара түсіністік және ынтымақтастық ахуалы орнаған ғылыми орда. Студентті жеке тұлға ретінде құрметтеу  және жеке көзқарасына аса құрметпен қарау –тәрбие мен білім беру процесінің міндетті шарты болып табылады. Ақсу политехникалық колледжі базасында студенттер үшін психологиялық көңіл – күйді жаксартып және релаксациялық көмек беретін кабинет жұмыс жасап, студенттер кәсіби психолог маманынан  білікті көмек пен қолдау алады.