"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ақсу агротехникалық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК
0
Басқа аудандардан келген студенттерді орналастыру

Басқа аудандардан, ауылдардан  келген студенттерді орналастыру

 

Ауылдан тыс орналасқан ауылды мекендерден келген  колледж студенттері колледж ауласында  орналасқан бес қабатты жатақхана ғимаратында тұруға мүмкіндік алады. Жатақханада   тұру үшін студенттерге барлық қолайлы жағдайлар жасалған.

Жатақхана  1985 жылы салынған,  2011 жылы күрделі жөндеуден өткен, ­­420 орынға арналған. Жатақханада әр бөлмеге үш орыннан.Ауыстырмалы  төсек-орын жаймалары жеткілікті.  Жатақханада  толық  жабдықталған кір жуу бөлмесі бар. Жатақханада барлық ережелерге сай демалыс орны, изолятор, медициналық кабинет, тұрмыстық бөлмелер бар. Барлық бөлмелер санитарлық талаптарға сәйкес қажетті жиһаз бен құрал-жабдықтармен жабдықталған. Жатақхана оқушыларына арналған жуыну бөлмесі ыстық сумен, яғни бойлер орнатылғын, оқушыларға арналған жуыну орнын /душевая/ бар,  әжетқана жатақхана ішінде орналасқан. Сонымен катар аулада монша бар..Студенттер тегін тұрады.  Жатақханаға жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп тұрады.